Accessibility links

Министрлік обаға қатысты ескертті


Обаға байланысты сақтық шаралары. Қырғызстан, Ыстықкөл облыс, 26 тамыз 2013 жыл
Обаға байланысты сақтық шаралары. Қырғызстан, Ыстықкөл облыс, 26 тамыз 2013 жыл
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қырғызстанда оба індеті шығуына байланысты қазақстандықтарды сақтандырды. Министрлік бұл туралы бүгін таратқан мәлімдемесінде "ол елде індетке байланысты ахуал тұрақтанғанша туристік, іскерлік және басқа да мақсаттармен бармай қоя тұруға" шақырған.

Министрліктің хабарлауынша, оба таралуы мүмкін деген қауіппен Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл және Алматы облыстарының шекара бекеттерінде медициналық тексеру күшейтілген.

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өткен аптаның соңында оба індетін жұқтырған бір тұрғын қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG