Accessibility links

Ресейдің Амур өзенінде су деңгейі 7 метрден асты


Су басқан үйлер. Амур аймағы, Ресей, 22 тамыз 2013 жыл
Су басқан үйлер. Амур аймағы, Ресей, 22 тамыз 2013 жыл
"Ресейдің Қиыр Шығысындағы Амур өзенінде судың деңгейі рекордтық көрсеткішке - 736 сантиметрге жетті" деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Су деңгейінің көтерілуіне тоқтаусыз жаңбыр себеп болып отыр.

Хабаровск қаласының мэрі өткен аптада өзендегі су деңгейі 780 сантиметрге жеткенде тұрғындарды эвакуациялау басталатынын айтқан еді.

Ресей президентінің Қиыр Шығыстағы өкілі Виктор Ишаев сейсенбіде "Амур, Хабаровск, Якутия аймақтары мен Еврей автономиялық облысында 100 мыңға тарта адам су тасқыны қаупіне ұшырап отырғанын" айтты. Бұған дейін бұл аймақтарда 4 мың 500-ден астам үй-жай мен 300-ге тарта ғимаратты су басқаны хабарланған еді.

Хабаровск аймағының губернаторы Вячеслав Шпрот "мұндай су тасқыны Ресейде соңғы 120 жылда болмағанын" айтады. Оның сөзіне қарағанда, су басу бір айға созылуы мүмкін.

Аймақтық ауа райын болжау орталығы да "қыркүйекке таман су басқан аймақтар көбейеді" деген болжам жасады.
XS
SM
MD
LG