Accessibility links

Әзербайжанда ОСК Ибрагимбековті тіркемеді


Кинодраматург Рустам Ибрагимбеков. Тбилиси, 31 шілде 2013 жыл.
Кинодраматург Рустам Ибрагимбеков. Тбилиси, 31 шілде 2013 жыл.
Әзербайжанның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) оппозициялық Демократиялық күштердің ұлттық кеңесі президенттікке ұсынған кандидат Рустам Ибрагимбековті тіркемей қойды. ОСК оның себебін Ибрагимбековтің қос азаматтығы бар және ол Әзербайжанда үнемі тұрмайды деп түсіндірді.

Оппозициялық кеңес 74 жастағы кинодраматург Рустам Ибрагимбековтің кандидатурасын ОСК-ге өткен аптада ұсынған. Жұма күні кеңес президенттікке балама ортақ кандидат ретінде бұрынғы парламент депутаты, 69 жастағы тарихшы Джамиль Гасанлыны мақұлдаған.

Әзербайжанда президент сайлауы 9 қазанда өтеді.
XS
SM
MD
LG