Accessibility links

Мартин Лютер Кингтің әйгілі сөзіне - 50 жыл


Мартин Лютер Кинг Вашингтонда өткен марш кезінде. 28 тамыз 1963 жыл
Мартин Лютер Кинг Вашингтонда өткен марш кезінде. 28 тамыз 1963 жыл
АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбіде 1963 жылы 28 тамызда Вашингтонда өткен азаматтық құқықтарды қорғауға арналған маршқа елу жыл толу құрметіне орай сөз сөйлейді. "Вашингтон маршы" деп аталған бейбіт шеруге сол кезде үш жүз мыңға тарта адам қатысқан еді.

Американың алғашқы қара нәсілді президенті Обама америкалықтарға үндеуін Вашингтондағы Авраам Линкольн ескерткішінде арнайды. Бұл жерде елу жыл бұрын азаматтық құқықтар қозғалысының жетекшісі Мартин Лютер Кинг аңызға айналған "Менің арманым бар" деген сөзін айтқан еді. Кингтің бұл сөзі Құрама Штаттардағы нәсілдік қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиғаға айналды.

Он мыңдаған адам қатысатын салтанатты шараға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джимми Картер мен Билл Клинтон да қатыспақ. Бұрынғы президенттер үлкен Джордж Буш пен оның ұлы, кіші Джордж Буш денсаулық жағдайларына байланысты шараға қатысудан бас тартты.

Шара аясында Линкольн ескерткішінде діни құлшылық өтеді. Оған түрлі дін өкілдері қатысады. Ал жергілікті уақытпен сағат 15.00-де, Мартин Лютер Кинг тура елу жыл бұрын сөз сөйлей бастаған мезетте елдегі шіркеулерде қоңырау соғылады.
XS
SM
MD
LG