Accessibility links

New York Times сайтына хакерлік шабуыл жасалды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
New York Times басылымы 27 тамызда сайтына хакерлік шабуыл жасалып, бірнеше сағатқа ашылмай қалғанын хабарлады. Шабуылды өзін "Сирия электрондық армиясы" деп атаған хакерлік топ мойнына алған.

Хакерлік шабуыл басталғаннан бірнеше минуттан соң басылым қосымша сайттарын іске қосып, Сириядағы химиялық шабуыл туралы материалдарын жариялады.

"Сирия электрондық армиясы" сириялық көтерілісшілерді жақтайды деп америкалық New York Times, Washington Post, BBC және "Әл-Жазира" сияқты ақпарат құралдарының сайттарына бірнеше рет хакерлік шабуыл жасаған.
XS
SM
MD
LG