Accessibility links

Ұлыбритания БҰҰ-ға Сирия жайлы қарар ұсынбақ


Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания премьер-министрі.
Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания премьер-министрі.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сириядағы бейбіт тұрғындарды қорғау шараларына қатысты қарар ұсынбақ деп хабарлайды BBC.

Ел премьер-министрі Дэвид Кэмерон Лондон қарарын Twitter-дегі парақшасында Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесімен кездесуде ұсынатынын айтқан.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг бұған дейін "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қандай шешім қабылдайтынына қарамастан, тиісті шаралар қолданылуы мүмкін" екенін ескерткен еді.

Бүгін БҰҰ сарапшылары Дамаск маңында Башар Асад үкіметі 21 тамызда химиялық қару қолданған болуы мүмкін делінген аймақты тексеруді жалғастырған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік кеңесін біріге шешім қабылдауға шақырып, халықаралық бейбітшілікті сақтау әрекеттерін жасауға үндеген.

21 тамызда Дамаск маңында химиялық қарудан уланды деген 350-ге тарта адам ауруханада көз жұмған. Сириялық көтерілісшілер химиялық қаруды Башар Асад үкіметі қолданды деп айыптайды. Бірақ Асад үкіметі оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG