Accessibility links

Беларусьте белсенді қамаудан босатылды


Дмитрий Дашкевич, беларусьтік белсенді. Гродно, 28 тамыз 2013 жыл

Дмитрий Дашкевич, беларусьтік белсенді. Гродно, 28 тамыз 2013 жыл

Беларусьтегі тіркелмеген "Молодой Фронт" саяси қозғалысының жетекшісі Дмитрий Дашкевич 28 тамыз күні түрмеден босатылды.

Белсендінің туыстары мен әріптестері, журналистер оны елдің батысында орналасқан Гродно қаласындағы қамау орнының алдында қарсы алды.

Жүдеу болса да жігерлі көрінген Дашкевич журналистерге саяси іс-әрекетін жалғастыра беруге даяр екенін айтты. Ол өзінің қамалуы туралы үзбей ақпарат таратқан репортерлерге алғыс білдірді.

Дашкевич 2011 жылғы наурызда 2 жылға сотталған еді. Оның "Молодой фронт" қозғалысына мүше тағы бір әріптесі Эдуард Лобов 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға 2010 жылы өткен президент сайлауының қарсаңында Минскіде екі адамға шабуыл жасады деген айып тағылған.

Сотталған белсенділер айыпты мойындамайды. Қылмыстық іс оппозициялық қызметтеріне қатысты қозғалды деп сенеді.

Беларусьте 2010 жылғы желтоқсанда өткен президенттік сайлаудың соңы жаппай толқуға ұласып, бірқатар белсенді тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG