Accessibility links

"Талибан" шабуылдарынан 14 адам мерт болды


Ауған әскері күдікті "Талибан" мүшелерін тексеріп жатыр. Газни уәлаяты, 14 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет

Ауған әскері күдікті "Талибан" мүшелерін тексеріп жатыр. Газни уәлаяты, 14 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет

Ауғанстанның шығысындағы Газни уәлаятында сәрсенбіде "Талибан" жасақтары ауған және польшалық қауіпсіздік күштері орналасқан казармаға шабуыл жасап, жеті адам қаза тапты. "Талибан" жасақтары казарма жанында тұрған екі көлікті жарып, казарманы басып алуға тырысқан. Ауған және поляк солдаттары олармен алты сағатқа жуық атысқан.

Газни уәлаяты басшылығының хабарлауынша, қаза тапқандардың төртеуі - полицей, үшеуі - бейбіт тұрғын. 10 поляк солдаты, 52 ауған қауіпсіздік күштерінің қызметкері мен тұрғындар жараланған. "Талибан" жасақтарынан қанша адам шығын болғаны белгісіз.

Сәрсенбіде Гельманд уәлаятында болған екі шабуылдан үш солдат қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған. Елдің батысындағы Фарах уәлаятында да "Талибан" НАТО әскерінің жанармай таситын көліктерін атқылап, төрт жүргізуші қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG