Accessibility links

Тұтқынның өліміне байланысты 13 адам сотталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ақмола гарнизоны әскери соты 23 жастағы тұтқын Орзу Имроншоевтің қазасына байланысты 13 адамды - Жезқазған қаласындағы АК-159/25 түзеу мекемесінің басшылары және 6505-ішкі әскер бөлімінің сарбаздарын соттады.

Бес адам түрме жазасына кесіліп, сегіз адам шартты түрде жаза алды.

Түрменің оперативтік бөлімі бастығы Байбосынов, тәртіп бөлімі өкілдері Жанқұлов Байдырахмен - алты жылға сотталды, тексерушілер Махамбетов пен Әбсаламов бес жылға түрмеге қамалады.

Тергеу мәліметінше, түрме қызметкерлері 2012 жылы 16 қазанда әскери бөлімше солдаттарымен бірігіп, тұтқын Орзу Имроншоевты үш сағат соққыға жығып, одан соң қабырғадағы торға керіп қойған. Тұтқын жарақаттан қайтыс болған.

Қаза тапқан Орзу Имроншоев тұтқынға алынғанға дейін Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында тұрған.
XS
SM
MD
LG