Accessibility links

Египетте "Мұсылман бауырлардың" тағы екі мүшесі қамалды


Мұсылман бауырлар" қозғалысының мүшесі Мұхаммед әл-Белтаги (ортада) полиция учаскесінде тұр. Каир, Египет, 29 тамыз 2013 жыл.
Мұсылман бауырлар" қозғалысының мүшесі Мұхаммед әл-Белтаги (ортада) полиция учаскесінде тұр. Каир, Египет, 29 тамыз 2013 жыл.
Египет полициясы бейсенбі күні "Мұсылман бауырлар" қозғалысының ықпалды екі мүшесін - "Бостандық және әділет партиясының" бас хатшысы Мұхаммед әл-Белтаги мен бұрынғы еңбек министрі Халед әл-Азхариді тұтқындады.

Уақытша билік "зорлық-зомбылыққа арандатуға, кісі өліміне және терроризмге қатысы бар" деген күдікпен шілденің 10-ы күні әл-Белтагиге іздеу жариялаған еді.

Бұның алдында, 20 тамыз күні "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшісі Мухаммад Бади Каирдегі үйінде тұтқындалған. Бади мен қозғалыстың басқа да жоғары шенді өкілдеріне "зорлық-зомбылыққа арандату" айыбы тағылған. Олардың соты қазанда басталмақ.

Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді шілденің 3-і күні әскерилер биліктен кетірген соң "Мұсылман бауырлар" қозғалысы Мурсиді орнына қоюды талап етіп, наразылық шерулеріне шыққан. 14 тамызда Египетте уақытша үкімет күштері наразылық шерулерін күштеп тарату операциясын бастады, елде төтенше жағдай жарияланды. Содан бері елде полиция мен наразылар арасында болған қақтығыстардан жүздеген адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG