Accessibility links

Ирак: Самаррадағы жарылыстан 11 адам өлді


Автокөлікке орнатылған бомба жарылысы болған жерде тұрған адамдар. Самарра, Ирак, 5 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Автокөлікке орнатылған бомба жарылысы болған жерде тұрған адамдар. Самарра, Ирак, 5 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирактың Самарра қаласында бейсенбі күні болған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады.

Ресми өкілдердің айтуынша, қаладағы азық-түлік сатылатын үлкен базарлардың бірінде автокөлікке қойылған бомба жарылған. Әзірше бұл жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Ирак астанасы Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Самарра қаласында негізінен сүнниттер тұрады. Иракта соңғы айларда сүнниттер мен шииттер арасындағы жағдай шиеленісіп кетті.
XS
SM
MD
LG