Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан аудан басшысы қаза тапты


Жанкештілік шабуыл болған жерді зерттеп жүрген ауған полицейлері. Құндыз провинциясы, 10 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жанкештілік шабуыл болған жерді зерттеп жүрген ауған полицейлері. Құндыз провинциясы, 10 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында мешітте өзін өзі жарып жіберген жанкештінің шабуылынан бірнеше адам мерт болды.

Қаза тапқандардың арасында Дашт-и-Арши ауданының басшысы Шейх Садруддин мен оққағарлары бар деп хабарлады жергілікті билік орындары.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейін билік өкілдеріне қарсы жасалған осыған ұқсас шабуылдарды талибтердің ұйымдастырғаны хабарланған.

Сәрсенбі күні талибтердің шабуылы салдарынан 30-дан астам адам (15-і полиция қызметкерлері) қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG