Accessibility links

Назарбаев халықты конституция күнімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын конституция күнімен құттықтады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Президент Назарбаев құттықтауында Қазақстан конституциясы "экономикалық өсімге, қоғамның әл-ауқатының артуына, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасуына, әкімшілік және құқықтық реформаларға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, әлеуметтік жаңғыртуға" негіз болғанын айтады.

Конституция күні Қазақстан күнтізбесінде мемлекеттік мейрам ретінде белгіленген. Бұл күні Астана мен барлық қалаларда мерекелік шаралар өткізіледі.

Елдің қазіргі конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Содан бері Қазақстанда конституцияға үш рет (1998, 2007 және 2011 жылдары) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Елдегі оппозициялық күштер 1995 жылғы конституция мен оған енгізілген өзгертулерді "президенттің өкілетін арттырып, оны биліктің басқа тармақтарынан биік қойды" деп сынайды.
XS
SM
MD
LG