Accessibility links

Пәкістан арзан байланысқа шектеу енгізді


Мобильді телефонмен сөйлесіп тұрған әйел. Равалпинди, Пәкістан, 22 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Мобильді телефонмен сөйлесіп тұрған әйел. Равалпинди, Пәкістан, 22 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістан билігі елдегі мобильді байланыс операторларын қыркүйектің 2-інен бастап тұтынушыға телефонмен тегін сөйлесу және арзан хат жіберу жеңілдіктерін ұсынуды доғаруға міндеттеді.

Байланыс саласын реттейтін үкіметтік мекеме бұндай шараға арзан мобильді байланыс қызметін жасөспірімдердің белсенді пайдаланатындығы туралы тұрғындардан көптеп түскен шағымдар себеп болғанын мәлімдеген.

Ресми ақпаратта ұлдар мен қыздардың телефонмен шектеусіз сөйлесуі "жастарды аздыратын" құбылыс ретінде аталып, "қоғамдық моральға жат" іс-әрекеттерге тосқауыл қойылатындығы айтылған.

Биыл шілде айында Пәкістанның телекоммуникациялық мекемесі елде мобильді телефон байланысын тұтынатындар саны 125 миллионнан асқанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG