Accessibility links

БҰҰ-ның химиялық қару сарапшылары Сириядан кетті


БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі сарапшылар тобы Дамасктегі әскери госпитальге бара жатыр. Сирия, 30 тамыз 2013 жыл.

БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі сарапшылар тобы Дамасктегі әскери госпитальге бара жатыр. Сирия, 30 тамыз 2013 жыл.

Сирияда «химиялық қару қолданылған» деген жерден айғақ-дәлелдер жинау мақсатында БҰҰ Сирияға арнайы жіберген халықаралық сарапшылар тобының ол елдегі жұмыстарын аяқтап, 31 тамыз күні Ливанға жеткені хабарланды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сарапшылардың зерттеу жұмыстарының қортындысы бойынша есепті әзірлеу үшін екі аптадай уақыт керек болатынын

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «21 тамызда Дамаск төңірегінде 1429 адамның (арасында 426 бала бар) өмірін қиған химиялық шабуылды Сирия президенті Башар Асадтың армиясы қолданғанын америкалық барлау мәліметі растады» деп мәлімдеген. Бірақ Сирия үкіметі оны «жалған айыптау» деп жоққа шығарды.

АҚШ президенті Барак Обама Сирияға қарсы «шектеулі әскери операция» жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын айтқан.

Бейсенбі күні Ұлыбритания парламенті Сирияға әскери операцияға бастауға қарсы шешім қабылдаған соң АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйден "АҚШ өз мүддесін басшылыққа алып, Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз жүргізе алады" деп мәлімдеген еді.

Сәрсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирия қатысты мәжіліске жиналып, келісімге келе алмаған. Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсы болып отыр.
XS
SM
MD
LG