Accessibility links

Обама Сирияға қарсы «шектеулі операция» туралы айтты


U.S. -- U.S. President Barack Obama pauses while speaking to reporters about Syria during a meeting with Baltic leaders in the Cabinet Room of the White House in Washington August 30, 2013.
U.S. -- U.S. President Barack Obama pauses while speaking to reporters about Syria during a meeting with Baltic leaders in the Cabinet Room of the White House in Washington August 30, 2013.
Ақ үй Сирияға қарсы «шектеуліі әскери операция» жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама жұма күні журналистерге мәлімдеген.

Оның айтуынша, операцияның мақсаты – «химиялық қаруды қолданбау жөніндегі халықаралық талаптардың орындалуы тиіс екенін Сирия ғана емес, өзге де елдердің түсінуіне қол жеткізу» болмақ. Сонымен бірге Обама әзірше Сирияға қарсы қандай іс-қимылдар қолданылатыны туралы түпкілікті шешім қабылдамағанын атап өткен. АҚШ президентінің сөзінше, Сирияға қатысты қарастырылып жатқан бірнеше варианттың арасында «ол елге жаяу әскер жіберу жоспары жоқ».

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 21 тамызда Дамаск төңірегінде 1429 адамның (арасында 426 бала бар) өмірін қиған химиялық шабуылды Сирия президенті Башар Асадтың армиясы қолданғанын америкалық барлау мәліметі растады деп мәлімдеді. Сирия үкіметі оны «жалған айыптау» деп жоққа шығарды.

Бейсенбі күні Ұлыбритания парламенті Сирияға әскери операцияға бастауға қарсы шешім қабылдаған соң АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйден "АҚШ өз мүддесін басшылыққа алып, Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз жүргізе алады" деп мәлімдеген еді.

Сәрсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирия қатысты мәжіліске жиналып, келісімге келе алмаған. Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсы.
XS
SM
MD
LG