Accessibility links

Делиде жыныстық қылмыс жасаған жасөспірімге үкім шықты


Үнді полицейлері айып тағылған жасөспірімді (басын бүркеп алған) сот залына әкеле жатыр. Нью-Дели, 25 шілде 2013 жыл.

Үнді полицейлері айып тағылған жасөспірімді (басын бүркеп алған) сот залына әкеле жатыр. Нью-Дели, 25 шілде 2013 жыл.

Сенбі күні Делидің кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі соты топ болып әйел зорлау қылмысына қатысты айып тағылған адамның ісін қарады. Сот қылмыс жасалған кезде 17 жаста болған айыпкерді үш жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды. Үндістан заңы бойынша бұл - кәмелетке толмағандарға тағайындалатын ең қатаң жаза. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Осы қылмыстық іске қатысты тағы төрт ересек адамның үстінен іс қозғалған. Олар да өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Егер сот оларды кінәлі деп таныса, төртеуі де өлім жазасына кесілуі мүмкін. Айып тағылған тағы бір адамның асылып тұрған жансыз денесі түрме камерасында табылғаны туралы биыл наурызда хабарланған.

Былтыр желтоқсанда Делиде 23 жастағы студент қызды көшеде бір топ адам зорлап, өлімші етіп ұрып-соғып кеткен соң екі аптадан кейін ол қыз қайтыс болды.

Бұл қылмыстық оқиға Үндістан қоғамында жұртшылықтың қатты наразылығын туғызып, парламент жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарына қатысты жауапкершілікті қатайтатын заң қабылдаған еді.
XS
SM
MD
LG