Accessibility links

31 тамызда Қытайдағы Шанхай қаласында өндірістегі апат салдарынан сұйық аммиактан иіс тиген 15 адам көз жұмып, кемінде 26 адам зардап шеккен.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең теңіз өнімдерін дайындайтын компанияның тоңазытқыш қондырғысында ақау пайда болған. Бірақ апат жайлы бұдан өзге толық ақпарат жоқ. Жергілікті басылымдардың бірінің сайтында жарияланған суретте апат болған жерде өрт сөндіретін машиналардың тұрғаны бейнеленген.

Қытайда өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен құрылыс талаптарын сақтамаудың кесірінен оқыс оқиғалар жиі тіркеледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG