Accessibility links

АҚШ Сирияға шабуыл жасамақшы


Жерорта теңізіндегі АҚШ-тың ұшақ тасығыш әскери кемесі. Тамыз, 2013 жыл.

Жерорта теңізіндегі АҚШ-тың ұшақ тасығыш әскери кемесі. Тамыз, 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Сирия президенті Башар Асадтың режиміне қарсы әскери операция жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол АҚШ-тың арнайы қызметі Дамаск түбінде химиялық қару қолданылғанына дәлел келтіргесін осындай тұжырым жасағанын айтты.

Обама АҚШ Конгресі сессияға жиналысымен дауыс бергізу және талқылау арқылы күш қолдану үшін рұқсат алатынын хабарлады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы "дел-сал күйге ұшырады" деп сипаттап, АҚШ-тың шектеулі әскери шабуылы үшін Кеңестің рұқсаты керек емес деді.

Обаманың мәлімдемесінің алдында 31 тамыз күні Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-ты Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны туралы дәлел келтіруге шақырған. Ол Сирия үкіметінің көтерілісшілерді жеңіп жатқан уақытында химиялық қару қолдануы қисынсыз деген пікір айтқан.

Ал АҚШ-тың барлау қызметінің лауазымды қызметкерлері Сириядағы режимнің 21 тамыз күнгі шабуылды ұйымдастырғаны туралы "бұлтартпас дәлелдері" бар екенін айтқан. Сол күні Дамаск түбінде болған қақтығыс кезінде 1,429 адам өлген еді.
XS
SM
MD
LG