Accessibility links

"Фукусима" АЭС-сінде радиация бірнеше есе артты


"Фукусима-Дайичи" АЭС-ін тексеріп жүрген мамандар. 1 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
"Фукусима-Дайичи" АЭС-ін тексеріп жүрген мамандар. 1 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Жапониядағы "Фукусима" АЭС-сінде радиация деңгейі бірнеше есеге өскен. Мамандардың мәліметіне қарағанда, апатты учаскенің біріндегі радиацияның деңгейі көбейгені соншалық, ол жерде төрт сағат болған адам өліп кетуі мүмкін.

Өткен аптада мамандар реакторларды суыту жүйесіндегі 300 тонна судың радиация тарата бастағанын анықтаған еді. Соңғы өлшемдердің нәтижесі бойынша станциядағы радиация қуаты 18 есе көбейген.

Жапонияның солтүстік-шығысында орналасқан "Фукусима-Дайичи" АЭС-і 2011 жылы 11 наурызда болған күшті цунамидің соққысынан қираған еді. Апат кесірінен 16 мың адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG