Accessibility links

Башар Асад Сирияның қорғанатынын ескертті


Сирия президенті Башар Асад журналистерге сұхбат беріп отыр. Дамаск, 25 тамыз 2013 жыл.

Сирия президенті Башар Асад журналистерге сұхбат беріп отыр. Дамаск, 25 тамыз 2013 жыл.

Сирия президенті Башар Асад елдің кез-келген агрессиядан қорғанатынын мәлімдеді. Оның алдында Сирия премьер-министрі Ваэль әл-Халки "Сирия қарулы күштері кез-келген шабуылға тойтарыс беруге әзір екенін" айтып, осыған ұқсас мәлімдеме жасаған еді.

Сенбі, 31 тамызда АҚШ президенті Барак Обаманың "Сирияда әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағаны" хабарланды. Бірақ Обама "ондай операцияны бастау үшін Конгресстің шешімі керек" деген. АҚШ президенті "бұл операцияға жаяу әскердің қатыспайтынын" айтқан.

Барак Обама Сирия әскерінің 21 тамызда Дамаск шетіндегі аудандарда химиялық шабуыл жасағаны "даусыз" деп мәлімдеді.

АҚШ Конгресінің мүшелері қазір жазғы демалыста жүр. Олар жұмыстарына 9 қыркүйекте кіріседі.

Сенбі күні БҰҰ инспекторлары Сириядан Нидерландқа оралды. Олар химиялық шабуыл болды деген аудандарға барып қайтқан еді. Жиналған материалдар Еуропа зертханаларына тапсырылады.
XS
SM
MD
LG