Accessibility links

Мұхаммед Мурсидің ісі сотқа жіберілді


Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси.
Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси.
Египеттің бас прокуроры осы елдің бұрынғы президенті, "зорлық-зомбылыққа жол берді" деген айып тағылған Мұхаммед Мурсидің ісін сотқа жіберді.

Египет мемлекеттік агенттігінің 1 қыркүйекте хабарлауынша, Мұхаммед Мурси мен оны қолдайтын "Мұсылман бауырлар" партиясының басқа 14 мүшесінің ісі Каирдің қылмыстық істер сотына жіберілген. Бірақ соттың қашан басталатыны айтылған жоқ.

Мурсиге қарсы іс 2012 жылдың желтоқсанында оның жақтастары мен қарсыластары арасында болған қақтығыстарға және ондағы адам шығынына байланысты қозғалған. Прокуратура бұған қоса Мурсиді "2011 жылы түрмеден қашатын кезде шетелдің ұйымдармен астыртын сөз байласты" деп те айыптайды.

Мұхаммед Мурсиді шілденің 3-і күні әскерилер биліктен кетірген еді. Ол содан бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG