Accessibility links

Ұлыбританиялық журналист Дэвид Фрост қайтыс болды


Дэвид Фрост, ұлыбританиялық журналист.
Дэвид Фрост, ұлыбританиялық журналист.
Ұлыбританиялық танымал журналист Дэвид Фрост 74 жасында қайтыс болды. Марқұмның отбасы оның жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлады.

Дэвид Фрост АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсон 1974 жылы отставкаға кеткеннен кейін, 1977 жылы одан ұзақ сұхбат алған. Журналистің Никсонмен сұхбаты америкалық телеарнадан төрт сағат бойы көрсетілген.

Журналист өз қызметінде Ұлыбританияның сегіз премьер-министрінен, АҚШ-тың жеті президентінен сұхбат алған. Дэвид Фрост - Иранның соңғы шахы, 1980 жылы қайтыс болған Мохаммед Реза Пехлевимен сұхбаттасқан соңғы журналист.
XS
SM
MD
LG