Accessibility links

Араб елдері лигасы Сирияға шабуылды қолдады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиынында Сирия мәселесін талқылап отыр. Вашингтон, 30 тамыз 2013 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиынында Сирия мәселесін талқылап отыр. Вашингтон, 30 тамыз 2013 жыл.
Сирияның химиялық қару қолдануына байланысты Батыс мемлекеттерінің оған қарсы әскери операциялар жүргізуін Араб елдері лигасына мүше елдер қолдады.

Каирде 1 қыркүйектегі жиында қабылдаған арнайы қарарда Араб елдері лигасы 21 тамызда Дамаск маңында "химиялық қаруды Сирия режимі қолданғанын" айтып, оған жауаптылардың барлығын жазалауға шақырған.

Осы жылдың басында Араб елдері лигасындағы Сирияның орны Сирия оппозициялық күштерінің коалициясына берілген еді.

АҚШ президенті Барак Обаманың Сирияға қарсы әскери операция жасау туралы шешімі конгрестің мақұлдауынан өтуі тиіс. Обама мен оның айналасындағы бірнеше ірі шенеунік конгресті Сирияға шабуылды қолдауға шақырды.

Кейбір хабарларда конгрес мүшелерінің Обама айтқан қысқа мерзімдік шабуылдың қаншалықты тиімді боларын болжай алмай отырғаны айтылады. АҚШ-тағы қоғамдық пікір АҚШ Сирияға шабуылдау қажет және ол ұлттық мүддеге сай келеді дегенге күмән барын көрсетіп отыр.

АҚШ сенаты мен конгресс Обаманың шабуыл жасау туралы ұсынысын 9 қыркүйекте талқылай бастайды.

Дамаск маңында 21 тамызда химиялық қару қолданғаннан 1 мың 429 адам өлген. Бұл шабуылға байланысты АҚШ-тың таққан айыбын Сирия билігі жоққа шығарып, АҚШ шабуылдай қалған жағдайда қорғанатынын ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG