Accessibility links

Парламенттің үшінші сессиясы ашылды


Қазақстан парламентінің мәжілісі .Көрнекі сурет

Қазақстан парламентінің мәжілісі .Көрнекі сурет

2 қыркүйекте Қазақстанның бесінші шақырылымындағы парламентінің үшінші сессиясы жұмысын бастады. Сенат пен мәжілістің бірлескен сессиясын президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Сессияда сөйлеген Назарбаев таяу уақытта парламент қарауына кәсіподақтар туралы заң жобасы түсетінін айтты. Ол бұған қоса "Жер және жер қойнауын пайдалану туралы" заңға өзгерістер енгізу қажеттігін ескерткен.

Президент Назарбаев сессияда үкіметке кәсіпкерлік кодекс жобасын дайындауды тапсырды. Оның айтуынша, жобада Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұстанымдары мен кәсіпкерліктің мемлекетпен өзара байланыс жасауы қамтылуы тиіс.

Үшінші сессияда парламент ақпаратқа қол жеткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ішкі істер органдары, жол қозғалысы туралы заң жобаларын қарауы мүмкін деген болжам бар.

Сессия қарсаңында кейбір сенаторлардың өкілеті аяқталып, президент Назарбаев олардың орнына жаңа сенаторларды (Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсембаев, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Нұрлан Оразалин, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков және Сергей Громовты) тағайындады.

Бесінші шақырылымдағы Қазақстан парламенті 2012 жылы қаңтарда сайланған.
XS
SM
MD
LG