Accessibility links

CNPC-дің экс-басшысы ұсталды


Қытай ұлттық мұнай компаниясының (CNPC) көрмедегі бұрышы. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай ұлттық мұнай компаниясының (CNPC) көрмедегі бұрышы. Ашғабат, 17 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытайдың шетелдердегі мемлекеттік компаниялардың қызметіне бақылау жасайтын комитетінің жетекшісі, Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тұтқындалған.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Цзян Цзэминь мен басқа төрт шенеунік 1 қыркүйекте ұсталған.

Цзян Цзэминь - Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің қамауға алынған алғашқы мүшесі. Гонконгтік басылымның жазуына қарағанда, CNPC-дің тағы бір бұрынғы шенеунігі Чжоу Юнкан да ұсталған.

Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының тұрақты комитетінің бұрынғы мүшесі Юнкан Чжоу соңғы ондаған жылдар бойына тергеуге алынған ең жоғары шенді шенеунік болғалы тұр.
XS
SM
MD
LG