Accessibility links

Франция: Химиялық қаруды Сирия үкіметі қолданған


Башар Асад, Сирия президенті.
Башар Асад, Сирия президенті.
Францияның барлау қызметі "Сирия президенті Башар Асад әскері химиялық қару қолданып, ауқымды шабуыл жасаған" деп мәлімдеді. Барлау қызметі тоғыз беттен тұратын баяндаманы 2 қыркүйекте Франция парламентіне тапсырды.

Баяндаманы жасағандар"химиялық қарудан кем дегенде 281 адам құрбан болды" дейді.

Франция мен АҚШ "химиялық қару қолданғаны үшін" Сирия үкіметіне қарсы әскери операция жүргізуге ниетті. Вашингтонда сенатор Джон Маккейн "президент Барак Обама конгресс қолдауына ие болу үшін Сирияға шабуыл жасау туралы шешіміне салмақты дәйектер келтіруі тиіс" деді. Ол бұған қоса "Обаманың Сирияға шабуыл жасау шешіміне конгресс қарсы шықса, мұның салдары ауыр болады" деп ескертті.

2 қыркүйекте француз басылымына сұхбат берген Башар Асад шет елдердің Сирияда әскери операция жүргізуінің соңы "аймақтық ауқымды соғысқа ұласады" деп ескертті. Ол "Франция әскери операцияларға қатысқан жағдайда, бұл ел оның зиянын шегеді" дегенді де айтты.

21 тамызда Сирияда химиялық қару қолданылып, 1 мың 429 адам қайтыс болған еді. Сириялық көтерілісшілер, АҚШ пен бірқатар Батыс елдері "химиялық қаруды Башар Асад әскері қолданды" деп санайды. Асад үкіметі оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG