Accessibility links

Қытай басшысының Орталық Азия мен Ресейге сапары басталды


Си Цзиньпин, Қытай төрағасы.

Си Цзиньпин, Қытай төрағасы.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин 3 қыркүйекте Орталық Азия елдері мен Ресейге сапарын бастайды. Сапар барысында ол Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге барып, екі саммитке қатысады. Сапар 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

5-6 қыркүйек күндері Си Цзиньпин Санкт-Петербургте өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысады. Ол 6-7 қыркүйекте Қазақстанға келеді, ал 13 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне барады.

Орталық Азия елдеріне сапары барысында Қытай төрағасы сауда және экономикалық қатынастарды кеңейту мәселесін талқыламақ. Бұдан өзге, Ауғанстаннан 2014 жылы халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейінгі аймақтық қауіпсіздік мәселесі де көтерілмек.

Қытай 2010 жылдан бастап Орталық Азияның ең ірі сауда әріптесі атанып келеді. Пекин аймақтағы инфрақұрылымның дамуына, оның ішінде теміржол қатынасын, автокөлік жолдарын жақсарту жобаларына және авиациялық, энергетикалық, телекоммуникациялық салалардағы жобаларға белсенді қатысады.
XS
SM
MD
LG