Accessibility links

БҰҰ: Сириядан 2 миллион адам босып кетті


Босқындарға арналған баспаналарда тұрып жатқан сириялықтар. Ирак.
Босқындарға арналған баспаналарда тұрып жатқан сириялықтар. Ирак.
БҰҰ Сириядағы азаматтық соғыстан босып, бас сауғалаған адамдардың саны 2 миллионға жеткенін хабарлады. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі соңғы 12 айда сириялық босқындар саны он есеге көбейгенін айтады.

Ұйымның босқындар ісі жөніндегі комиссары Антонио Гутеррес "Сириядағы жағдай осы ғасырдың ең үлкен апатына айналды" деді. Босқындар ісі агенттігінің дерегінше, Сириядан көршілес елдерге күн сайын 5 мың адам босып кетеді. Сирияның өз аумағында арлы-берлі босып жүргендердің саны 4 миллион 250 мыңға жеткен.

Сириялық босқындарды қабылдап жатқан басты төрт ел - Ирак, Иордания, Ливан және Түркия 3 қыркүйекте Женевада БҰҰ агенттігі өкілдерімен кездесіп, босқындарға халықаралық көмекті арттыру жайын талқыламақ.
XS
SM
MD
LG