Accessibility links

Microsoft Nokia компаниясын сатып алмақ


Microsoft корпорациясының белгісі. Көрнекі сурет

Microsoft корпорациясының белгісі. Көрнекі сурет

АҚШ-тың Microsoft корпорациясы смартфон нарығындағы үлесін көбейту үшін Nokia телефон компаниясын 5 миллиард 44 миллион еуроға (шамамен 7 милилард 17 миллион АҚШ доллары) сатып алатынын хабарлады. Қос компания сауда 2014 жылдың басында аяқталады деген болжам жасап отыр.

Nokia компаниясының 32 мыңға тарта қызметкері Microsoft корпорациясына ауыстырылмақ.

Финляндиялық Nokia компаниясы ұзақ уақыт әлемдегі ұялы телефондар өндірісінде жетекші орынды иеленіп келген еді. Бірақ соңғы уақытта бәсекелес Samsung және Apple компаниялары шығаратын смартфондар Nokia өнімдерін нарықтан ығыстыра бастаған.
XS
SM
MD
LG