Accessibility links

Түркіменстан президентінің жаңа кітабы шықты


Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті

Ашғабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жаңа кітабының тұсаукесері болды. Мемлекеттік Turkmenistan.ru ақпараттық сайтының хабарлауынша, "Түркіменстанның емдік шөптері" деп аталатын кітаптың 5-томын таныстыру шарасы денсаулық сақтау министрлігінде өткен.

Кітапта Түркіменстанда өсетін 150-ге тарта емдік өсімдіктер туралы мәліметтер беріліп, олардың түрлі ауруларға қалай пайдаланылатыны жайлы айтылады.

Бұрын денсаулық сақтау министрі болған Гурбангулы Бердімұхамедов емдік шөптер медицинасы, Түркіменстанның денсаулық сақтау жүйесі және түркімен жылқысы туралы бірнеше кітаптың авторы ретінде де аталады.
XS
SM
MD
LG