Accessibility links

АҚШ сенаты комитеті Сирия туралы қарар әзірледі


Жерорта теңізінде жүрген АҚШ әскери теңіз күштерінің кемелері. Тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жерорта теңізінде жүрген АҚШ әскери теңіз күштерінің кемелері. Тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Сирияда әскери операция жүргізуге рұқсат беретін қарар әзірледі. Батыстық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарарда Сирияда әскери операцияларды 60 күн жүргізуге, қажет болған жағдайда мерзімді тағы 30 күнге созуға рұқсат берілген. Бірақ құжатта америкалық әскерилердің Сириядағы құрлықтық операцияларға қатысуына тыйым салынған.

Сенат комитетінде қарарға дауыс беру 4 қыркүйекте өтеді деген болжам бар. Егер комитет қарарды мақұлдаса, онда ол сенаттың қарауына түседі.

Өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама "Сирия президенті Башар Асад әскері химиялық қару қолданды" деп, Сирияда әскери операция жүргізуге шешім қабылдаған еді. Бірақ Обама әскери операция конгрес мақұлдаған соң ғана жүргізілетінін айтқан.

АҚШ президентінің шешімі конгрес өкілдері демалыстан оралған соң, 9 қыркүйекте талқыланбақ.

АҚШ Сирияға шабуыл жасау мақсатында Жерорта теңізі маңына әскери теңіз күштерін шоғырландырып жатыр. 3 қыркүйекте АҚШ Израильмен бірігіп Жерорта теңізінде баллистикалық зымыран сынады.
XS
SM
MD
LG