Accessibility links

Түркіменстан мен Қытай басшылары келісімдер жасасты


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесу кезінде. Ашғабад, 3 қыркүйек 2013 жыл

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесу кезінде. Ашғабад, 3 қыркүйек 2013 жыл

Қытай президенті Си Цзиньпиннің Түркіменстанға сапары бүгін де жалғасып жатыр. Ол 3 қыркүйекте Ашғабадта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, бірқатар келісім-шарттарға қол қойды. Олардың арасында Қытайға тасымалданатын түркімен газының көлемін 2020 жылға қарай 65 миллиард текше метрге жеткізу келісімі де бар.

Си Цзиньпин Орталық Азия және Ресей ақпарат құралдарына берген сұхбатында "Түркіменстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық әлемдік энергетикалық ынтымақтастық орнатуда үлгі болатынын" айтты.

Түркіменстан - Қытайға табиғи газ тасымалдайтын басты ел. Ал Қытай - Түркіменстанның ең ірі сауда әріптесі.

Си Цзиньпин Түркіменстаннан кейін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға барады.

Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайланған наурыз айынан бері Орталық Азия аймағына бірінші рет сапарлап отыр.

Бейсенбіде ол Санкт-Петербургте өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитіне қатысады.
XS
SM
MD
LG