Accessibility links

Еуропа Одағы Арменияға ескерту жасады


Линас Линкявичюс, Литваның сыртқы істер министрі

Линас Линкявичюс, Литваның сыртқы істер министрі

Еуропа Одағы (ЕО) Арменияға Кеден одағына кіру туралы шешіміне орай ескерту жасады.

ЕО төрағасы болып отырған Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс "екі ұйымға бірдей кіруге болмайтынын" айтып, Арменияның "Ресей басқаратын Кеден одағына кіру шешімі ЕО-мен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін азайтады" деп мәлімдеді.

Армения президенті Серж Саргсян сейсенбіде Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден соң Арменияның Кеден одағына кіретінін айтқан еді.

Саргсян бұған қоса еуропалық құрылымдармен диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеген.

Қарашада ЕО-ның Вильнюсте өтетін саммитінде Армения мен ЕО арасында ынтымақтастық орнату туралы келісімге дайындықты бастау шешімі қабылданатын болған.

Кеден одағына Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше.
XS
SM
MD
LG