Accessibility links

Путин: Ресей Сирияға шабуылды қолдауы да мүмкін


Владимир Путин Associated Press агенттігіне сұхбат беріп тұр. Мәскеу, 3 қыркүйек 2013 жыл

Владимир Путин Associated Press агенттігіне сұхбат беріп тұр. Мәскеу, 3 қыркүйек 2013 жыл

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Сирия үкіметі химиялық қару қолданғаны расталған жағдайда Сирияға әскери операция жасауды қолдауы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы Путин Санкт-Петербургте өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммиті қарсаңында Associated Press агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Владимир Путиннің айтуынша, Срия президенті Башар Асад үкіметі өз халқына қарсы улы газ қолданғаны анықталған жағдайда Ресей БҰҰ-ның Сирияда әскери операция жүргізу туралы қарарын қолдауы мүмкін. Ол Батыстың Сирияда "біржақты әрекет етуіне" қарсы екенін де білдірді.

Ресей президенті бұған қоса Мәскеудің Сирияны бірнеше С-300 зымыраннан қорғаныс жүйесімен қамтамасыз еткенін, бірақ қазір оны жеткізу тоқтатылғанын да айтты. Владимир Путин АҚШ президенті Барак Обаманың Санкт-Петербургтегі саммит қарсаңында Мәскеуде кездесуден бас тартқанына өкініш білдірді. Бірақ ол саммитте Сириядағы жағдай мен басқа да мәселелерге қатысты маңызды келіссөздер жүргізуден үмітті екенін айтты.

АҚШ пен бірқатар Батыс елдері Башар Асад үкіметіне қарсы әскери операция жүргізуді қолдайды. Ресей осы уақытқа дейін бұл ұсынысқа қарсы шығып келген.
XS
SM
MD
LG