Accessibility links

БҰҰ-да қаралған азаптау туралы іс Қостанайға жетті


Қостанай қаласы тұрғыны Александр Герасимов

Қостанай қаласы тұрғыны Александр Герасимов

Қостанай қалалық соты Александр Герасимовты азаптауға қатысты іс бойынша облыстық ІІД-іне қарсы шағымын қарап жатыр. Шағым түсіруге БҰҰ-ның азаптауларға қарсы комитеті шешімі негіз болды.

Александр Герасимовтың облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) қарсы азаматтық шағымы судья Мұрат Адамның қарауына жолданды. Алғашқы сот отырысы өтетін күн әлі белгіленген жоқ. Қостанай полициясындағы азаптауларға қатысты шағымның тарихы Герасимовты бірнеше сағатқа қамауда ұстаған 2007 жылдан басталады. Полициядағы азаптаулар туралы шағым БҰҰ-да қаралып, Қазақстан сотына алты жылдан кейін жетті.

100 МЫҢ ЕУРОНЫҢ ШАҒЫМЫ

Қостанай қаласының тұрғыны Александр Герасимов қалалық полиция тарапынан келген моральдық зиянның өтемақысы ретінде 100 мың еуро талап етеді. Оның айтуынша, әлі күнге дейін психиатриялық есепте тұрғандықтан жұмысқа ресми орналаса алмай жүр. «Менің азаптауға ұшырағаным, биліктен әділ төрелік іздеген сергелдеңнен ештеңе шықпауы әкемді күйретіп кетті. Ол осыдан бес жыл бұрын қайтыс болды» дейді Герасимов.

Азаттық тілшісіне Герасимовтың адвокаты Снежанна Ким «бұл соманы көктен алған жоқпыз, өтемақының көлемі есептеп шығарылды» дейді.

Талап-арыз БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің шешімі негізінде жазылған. Қазақстан тарихында БҰҰ-ның шешімі негізінде талап-арыз беру оқиғасы бұрын-соңды болмағандықтан, бұл арыздың мәні зор. Герасимовтың ісі – Қазақстан БҰҰ конвенциясына қосылғаннан бері азаптауларға қарсы комитетте қаралған қазақстандық бірінші іс.

ТҰНШЫҚТЫРЫП АЗАПТАУ

Герасимовтың азаптауға қатысты берген шағымы бойынша ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Оның тауқыметі полицейлер тұтқындап, Қостанай полициясының оңтүстік бөлімшесіне әкелген 2007 жылдың 27 наурызында басталған.

Қазақстандағы адам құқықтары бюросы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Анастасия Миллердің айтуынша, полицейлер Герасимовты 24 сағат бойы тіркеусіз ұстап, көрші қарт әйелдің өліміне қатысты тергеген. Құқық Александр Герасимовтің жарақаты. 2007 жыл.

Александр Герасимовтің жарақаты. 2007 жыл.

қорғаушылардың айтуынша, оны қылмысты мәжбүрлеп мойындату үшін азаптаған. Кейін белгілі болғандай, Герасимовтың бұл қылмысқа ешқандай қатысы болмаған.

Қазақстанның адам құқықтары бюросының хабарламасында «Оның айтуынша, кемі бес полицей бүйрегінен ұрып-соққан, зорлаймыз деп қорқытқан. Қолын байлап, басына полиэтилен пакет кигізіп, еденге жатқызып, құлақ-мұрнынан, бетіндегі жаралардан қан кетіп, есінен танғанша «сухая подлодка» деген атпен белгілі тәсілмен тұншықтырған. Полицейлер азаптауды бірнеше мәрте қайталаған. Ақыры ешқандай айып тақпастан босатқан» деп жазылған.

– Герасимов азаптауға ұшырағаннан кейін медицина мекемелерінде ұзақ емделген. Әлгі азаптаудың салдарынан айыға алмай, күйзеліске шалдыққан. Оны аяусыз азаптап, денсаулығына зардап келтіргеннің айқын дәлелдері болса да, азаптағандардың біріне де айып тағылған жоқ. Зардап шеккені үшін Герасимов ешқандай өтемақы алған жоқ, – дейді Анастасия Миллер.

Азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғатуға тырысқан Герасимовтың әрекетінен ештеңе шықпаған.

– Әуелі іс қозғаудан бас тартты. Кейін істі қозғағанымен,соңынан тыныш қана жаба салды, – дейді Анастасия Миллер.

Қазақстанның бүкіл сот орындарына шағымданып, әділ төрелік таппаған Герасимов ақыры 2010 жылдың сәуірінде БҰҰ-ның азаптауларға қарсы комитетіне шағым түсіреді. Комитет «шеккен азабы үшін Герасимовке тиісті өтемақы толық көлемде төленсін» деп, 2012 жылдың жазында Қазақстанға қатысты шешім шығарды.

– Комитеттің шешімі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жолданды. Алайда мемлекет «бұл шешімді орындау механизмі жоқ» деп жауап жазыпты. Сосын біз Анастасия Миллер. Қостанай, 5 қыркүйек 2013 жыл.

Анастасия Миллер. Қостанай, 5 қыркүйек 2013 жыл.

мемлекетке «көмектесейік» деп ұйғарып, зиян келтіруші ретінде ІІД-нің үстінен азаматтық талап-арыз бердік, – дейді Анастасия Миллер.

Құқық қорғаушының айтуынша, егер мемлекет Александр Герасимовты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағысы келмесе, онда азаматтық талап-арыз бойынша өтемақы төлеуі тиіс.

Анастасия Миллер Герасимовтың архивінде сақталған ұрып-соққан іздері бар фотосуреттерді Азаттық тілшісіне көрсетті. Полиция учаскесіндегі тергеуден кейін үйіне келген оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Ол ауруханада екі апта жатып шыққан.

ПОЛИЦИЯДАҒЫЛАР СОТТАН ШАҚЫРУ КҮТЕДІ

Қазақстан сыртқы істер министрлігі заң департаментінің қызметкері Азаттық тілшісіне Александр Герасимовтың Қостанай облыстық ІІД-не қатысты талап-арызы жайында білмейтінін мәлімдеді. Ол осы ІІД заң бөлімінің қызметкері, министрліктің де, Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің де мүддесін қорғау құқығы бар Людмила Лисерден сұрауға кеңес берді.

Людмила Лисер «бұл жайында өзім де бүгінгі газеттен білдім» деп, Александр Герасимовтың талап-арызының мазмұнына қатысты Азаттық тілшісіне түсінік беруден бас тартты.

– Егер маған тапсырма берсе, ІІД атынан сотқа барамын. Ал әзірше соттан бізге бұл талап-арызға байланысты ештеңе түскен жоқ, – дейді Людмила Лисер.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қазақстандағы азаптауларға қатысты жағдайлар соңғы жылдары тым баяу болса да, жақсарып келе жатыр. Тұтқын Орзу Имроншоевті азаптаған түрме мен ішкі әскердің 13 қызметкері тамыз айында Қарағандыда сотталды. Олардың бесеуі түрмеге отырды, қалғандары шартты жазаға кесілді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG