Accessibility links

АҚШ Сирияға шабуыл жасаса не болады?


Соғыстан қираған үйдің маңында жүрген адамдар. Сирия, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Соғыстан қираған үйдің маңында жүрген адамдар. Сирия, 4 қыркүйек 2013 жыл.

АҚШ Сирияға жасалатын әскери операциясының мақсаты мен өту барысын пысықтап жатыр. Сарапшылар «Шабуылдан не шығады?» және «Ақ үй райынан қайта ма?» деген сұраққа жауап іздейді.

АҚШ Конгресі мен Ақ үй «химиялық қару қолданған Сирия үкіметіне жауап беру керек пе, ол қалай болады» деген мәселе төңірегінде пікір таластырып жатыр. Бір нәрсе айқын – соғысып жатқан елге АҚШ әскери шабуыл жасаса, мұның ешкім күтпеген салдары болуы мүмкін.

Ақ үй үшін ең оңтайлы сценарий – оппозицияның Башар Асадты жеңуіне көмек беріп, демократияшыл күштердің билікке жетуіне септесу. Ал қолайсыз сценарий – АҚШ интервенциясы оппозицияның Башар Асадты жеңуіне мүмкіндік беріп, бірақ билікке «әл-Қайдамен» ымыралас «әл-Нусра» сияқты исламшыл ұйымдардың бірінің ие болып кетуі.

«МӘСЕЛЕ – АҚШ-тың КІМДІ ҚОЛДАЙТЫНЫНДА»

German Marshall қорында қорғаныс саласы мен қауіпсіздік саясатына қатер төндіретін жайттарды зерттеумен айналысатын Марк Джекобсон «бар мәселе – кімді қолдайтынымызда» дейді.

– АҚШ, НАТО-дағы одақтастар мен халықаралық қауымдастық үшін де ең басты мәселе – біз Сириядағы оппозицияны және ондағы билік ара-
Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 2 қыркүйек 2013 жыл.
Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 2 қыркүйек 2013 жыл.
қатынасын өзгертуді қаншалық қолдаймыз дегенге тіреледі. Оппозицияда кімдер бар екенін, олар режимді құлататын болса, одан кейін қандай әрекеттерге баруы мүмкін екенін нақты білмейміз, – дейді бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінде жауапты қызмет атқарған Джекобсон.

Сарапшының айтуынша, Башар Асадтан кейін билікке кім ие болса да, алға жылжу оңайға соқпасы анық.

– Қателеспеуіміз керек. Асад кеткен жағдайда қирап қалған мемлекетті қайта құруға байланысты мүлде басқа мәселелер туады. Бұл халықаралық қауымдастықтың назар аударуын талап етеді. Меніңше, қазір көп елдер осы жайтты айналып өтуге тырысып жатыр, – дейді Марк Джекобсон.

«ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУҒА ШАБУЫЛ ЖАСАЛУЫ НЕҒАЙБІЛ»

Марк Джекобсонның пікірінше, Пентагондағы әскерилер АҚШ президенті Барак Обаманың химиялық қаруды қолданудың алдын алу жайлы мақсатын орындау үшін Сирияның қорғаныс министрлігі, әскери күштері сияқты көзге жақсы түсетін нысандарды таңдауы мүмкін.

– Біздің әскери операцияны бастау туралы әңгіме қозғауымызға Асадтың өз халқын қатерге тігуі себеп болды. Сондықтан химиялық қаруларды талқандау операциясы болуы неғайбіл. Асад режимі ол қаруларды әрі-бері тасымалдап жүрді. Оның үстіне ол қаруларды жаңылысып зақымдап алса немесе Асад әскерін халық тығыз қоныстанған аймақтарға шоғырландырса, кісі шығыны көп болады, – дейді сарапшы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы аптада Конгресс мүшелерімен
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 3 қыркүйек 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 3 қыркүйек 2013 жыл.
кездесуінде «егер АҚШ қам жасамаса, Асадтың химиялық қаруды қайта қолданатынына жүз пайыз сенімдімін» деді.

– Егер Вашингтон шабуыл жасап, Асад бұдан да қорытынды шығармаса ше? Асад болашақта химиялық қару қолданған жағдайда АҚШ әскери күштері бұдан да зор қарқынмен жауап қайтарады, – дейді Марк Джекобсон.

Кіші Джордж Буштың кезінде қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған Дов Захеймді де осы жайт толғандырады. Оның айтуынша, АҚШ Асадқа химиялық қаруды қолданбайтындай етіп сабақ берсе де, бүкіл аймақты қамтыған үлкен соғыс туу қаупі артады. Оның айтуынша, АҚШ қай жолды таңдаса да, «нәтижесі кісі қызығарлықтай емес».

– Егер Асад кетпей қалса, «Хизбулла» да, Иран да, Асад та мызғымайды. Асад кеткен жағдайда біз «билікті күштеп өзгертті» деген сынға тағы да ұшыраймыз. Ал Иран режимді өзгертпей, аман қалудың жалғыз жолы ретінде Солтүстік Корея сияқты бұрынғыдан да ашық, бұрынғыдан да жылдам түрде ядролық мүмкіндіктерін арттыра бастайды. Сонда АҚШ не істемек? – дейді Дов Захейм.

ҮЛКЕН СОҒЫС ҚАУПІ

Қыркүйектің 3-інде АҚШ сенатында өткен жиында талқыланған басты мәселе «АҚШ Асадты жауапқа тарта алмаса, Иран ықтимал ядролық қару жасау әрекетін бұрынғыдан бетер құлшыныспен жүзеге асыруы мүмкін бе?» деген сауал төңірегінде өрбіді. Бұл сұраққа «мүмкін емес» деп кесіп жауап берген ешкім болмады.

Алайда Сиракуз университетінің Таяу Шығысты зерттеу бағдарламасының директоры Мехрзад Буруджерди бұл пікірге күмәнмен қарайды.

– Мұнымен келіспеймін. Бұл Ирандағы шынайы жағдайды түсінуден гөрі Сирияға қарсы соғысты ақтап алудың амалы сияқты көрінеді, – дейді ол.

Буруджердидің айтуынша «Иранның кешенді даму динамикасы» бар, сондықтан
Сирияға соғыс ашуға қарсы акция. АҚШ,Вашингтон, 29 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияға соғыс ашуға қарсы акция. АҚШ,Вашингтон, 29 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияда қандай жағдай болса да, ол өз мүддесі тұрғысынан әрекет етеді.

Ол «АҚШ Сирияға әскер кіргізсе, Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөзден бас тартады» деген пікірге де қарсылық білдірді. Оның сөзінше, осы айдағы Иран мен келіссөздер тобының арасында кездесудің сәтті не сәтсіз өтуі майдан алаңындағы жағдайға емес, күн тәртібіне қойылған мәселеге байланысты болмақ.

Сирияның ең күшті одақтасы – Ресейге келер болсақ, дипломатиялық сарапшылардың көбі «АҚШ шабуылды бастаған жағдайда Ресей Асадқа қару-жарақты көбірек жеткізеді, бірақ бұдан әріге бармайды» деген пікір айтады.

Марк Джекобсонның айтуынша, АҚШ шабуылды бастаған жағдайда Израильге жауап соққы берілуі неғайбіл.

– Меніңше, Иран да, Сирия да арандайтын жерін біледі. Бұл кикілжіңге Израиль киліксе, соғыстың ауқымы өзгереді. Бұл іс Сирия режимінің құлауына ұласары күмәнсіз, – дейді Джекобсон.

Оның айтуынша, жұртты толғандыратын басты мәселе басқа. «Бірнеше зымыран жіберу арқылы Асадты химиялық қару қолданбайтындай ету оңайырақ. Бірақ мұны бұдан анағұрлым ауқымды проблема – елдегі оппозиция мен азаматтық соғыстан қалай ажыратып алуға болады. Бұл – өте қиын мәселе» дейді америкалық сарапшы.

Хизер Мейердің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG