Accessibility links

"Сирияға шабуылды қолдайтын елдер көбейіп келеді"


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сенатқа Сирияға қарсы әскери операция рұқсат беретін құжатты таныстырып тұр. 3 қыркүйек 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сенатқа Сирияға қарсы әскери операция рұқсат беретін құжатты таныстырып тұр. 3 қыркүйек 2013 жыл.
8 қыркүйек күні АҚШ пен Франция "Сирияға шабуыл жасауды қолдайтын елдердің қатары оннан асқанын" мәлімдеді. Сирия үкіметін АҚШ пен Франция "бейбіт халыққа қарсы химиялық қару қолданды" деп айыптап отыр.

Парижге сапармен барған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Сирияға шабуыл жасауға дайын елдердің санын қазір екі цифрмен белгілеуге болады" деп мәлімдеді.

Франция бұған дейін АҚШ-тың Сирияға әскери операциясына қосылатынын мәлімдеген жалғыз мемлекет болып келген еді.

Бұған дейін Еуропа Одағының сыртқы істер бөлімі Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғанына "тегеурінді жауап берілу" қажеттігі туралы мәлімдеген.

Дегенмен Франция президенті Франсуа Олланд келесі апта шығатын "БҰҰ баяндамасын күту қажеттігін" айтқан.

Вашингтонның мәліметі бойынша, Дамаск маңындағы химиялық шабуылдан 1 мың 400 адам өлген. Сирия үкіметі өзіне тағылған "химиялық шабуыл жасады" деген айыпты теріске шығарып отыр. Асад режимі керісінше "химиялық шабуыл жасады" деп, осымен үшінші жыл үкімет әскерімен соғысып жатқан көтерілісшілерді айыптайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Керри Парижде Сирия президенті Башар әл-Асадты бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қоданған ұлтшыл диктатор Адольф Гитлермен салыстырды.

- Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынғанына 100 жылға таяды. Оны пайдаланған үш адам бар: Адольф Гитлер, Саддам Хусейн (бұрыңғы Ирак президенті), Башар әл-Асад, - дейді Керри.

Керри бұдан бөлек, "егер Сирия үкіметіне шара қолданбасақ, химиялық қару терроршылардың қолына түсуі, олардың оны Батысқа қарсы қолдануы мүмкін" деген.

Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиус "Сирия үкіметіне қарсы әскери операцияны қолдайтын елдердің қатары көбейіп келеді" деп мәлімдеді.

Фабий Сирияға "тегеурінді жауап беруді" "Үлкен сегіздіктің" Ресейден басқа жеті мүшесі және "Үлкен жиырмалықтың" 12 елі қолдайтынын айтқан.

АҚШ президенті Барак Обама Конгреске Сирияға шабуылға рұқсат беретін заңды енгізді, келесі апта АҚШ депутаттары бұл заң бойынша дауыс береді.

Кейбір депутаттар бұл шабуылдың тиімділігіне күмән келтіреді. Олардың ойынша, "АҚШ ұзаққа созылатын әскери қақтығысқа кіріп кетуі және бұл қақтығысқа ислам экстремистері тың серпінмен араласуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG