Accessibility links

Ресейде Мәскеу мен аймақ басшылары сайлауы өтіп жатыр


Мәскеудегі сайлау алды науқаны кезіндегі кандидаттың сайлаушылармен кездесу жиыны. 6 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі сайлау алды науқаны кезіндегі кандидаттың сайлаушылармен кездесу жиыны. 6 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде 8 қыркүйек күні таңғы сағат сегізде мэр сайлауы басталды. Мәскеу басшысының орнына 6 кандидат таласпақ. Олар: Михаил Дегтярев ("ЛДПР"), Николай Левичев ("Справедливая Россия"), Иван Мельников ("КПРФ"), Сергей Митрохин ("Яблока"), Алексей Навальный ("РПР-ПАРНАС") және өзін өзі ұсынған, Мәскеу мэрінің міндетін атқарушы Сергей Собянин.

Сайлау учаскелері кешкі сағат сегізде жабылады. Мәскеу әкімдігінің хабарлауынша, дауыс беру орындарындағы қауіпсіздікті 10 мың полицей қадағалайды. Ал жалпы Мәскеу қаласында бүгін 42 мың полицей кезекшілік атқарады.

3 мың 400 сайлау учаскесіне 7 мың видеобақылау камералары қойылған.

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Кабардино-Балкария өлкесінен өзге аймақтарының барлығында сайлау өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG