Accessibility links

Ауғанстандағы әуе шабуылы туралы мәліметтер әрқилы


"Талибан" мен ауған үкіметі әскері арасындағы қақтығыс. Торхам, 2 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

"Талибан" мен ауған үкіметі әскері арасындағы қақтығыс. Торхам, 2 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

НАТО әскері Ауғанстанның шығысындағы Құнар провинциясында «Талибан» жасақтарына әуе шабуылын жасады.

Ауған билігінің мәлімдемесіне қарағанда, сенбі күні жасалған шабуылдан кем дегенде сегіз тұрғын қаза тапқан. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Құнар провинциясының басшысы Хабиб Абдул Саид Хиль "қаза тапқандар шабуыл кезінде көлікте отырғанын" айтты.

Аймақтағы НАТО өкілі Энн-Мари Анничелли "шабуыл кезінде 10 содырдың қаза тапқанын, ал тұрғындардың опат болғаны туралы мәліметтің жоқ екенін" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG