Accessibility links

Мәскеу әкімдігі Навальныйға шеру өткізуге рұқсат берді


Алексей Навальный сайлаушылармен кездесіп тұр. Мәскеу, 6 қыркүйек 2013 жыл.

Алексей Навальный сайлаушылармен кездесіп тұр. Мәскеу, 6 қыркүйек 2013 жыл.

Мәскеу әкімдігі мэр сайлауына түскен Алексей Навальныйға 9 қыркүйек күні Болотный алаңында шеру өткізуге рұқсат берді. Шеруге қатысушылар санын өтініш иелері 2 мың 500 адам деп көрсеткен.

Осы күні Ресей коммунистік партиясы Новопушкин алаңында акция өткізбек. Бұл акцияға мың адам қатысады деп келісілген.

Мәскеуде 8 қыркүйек күні таңғы сағат сегізде мэр сайлауы басталды. Мәскеу басшысының орнына 6 кандидат таласпақ. Олар: Михаил Дегтярев ("ЛДПР"), Николай Левичев ("Справедливая Россия"), Иван Мельников ("КПРФ"), Сергей Митрохин ("Яблока"), Алексей Навальный ("РПР-ПАРНАС") және өзін өзі ұсынған, Мәскеу мэрінің міндетін атқарушы Сергей Собянин.

Сарапшылар "Бұл сайлауда жеңіске негізгі екі кандидат таласады. Олар - Алексей Навальный мен Сергей Собянин" деп болжаған. Ресей оппозициясының жетекшілерінің бірі Алексей Навальный сайлау науқаны барысында Сергей Собянинге көптеген айыптар таққан.

2013 жылы шілде айында Алексей Навальный «қаржыны талан-таражға салды» деген айыппен бес жылға сотталған еді. Көп адамдар «бұл істің саяси астары бар» деп есептейді.

Навальный сот шешіміне апелляциялық арыз берген.
XS
SM
MD
LG