Accessibility links

Си Цзиньпин Өзбекстанға барды


Қытай басшысы Си Цзиньпин. Санкт-Петербург, Ресей, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Қытай басшысы Си Цзиньпин. Санкт-Петербург, Ресей, 4 қыркүйек 2013 жыл.
Орталық Азия елдерін ресми сапармен аралап жүрген Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстаннан кейін Өзбекстанға барды. Тәшкент қаласының әуежайында оны Өзбекстан президенті Ислам Каримов қарсы алған. Екі елдің басшылары 9 қыркүйек күні келіссөздер өткізбек.

Си Цзиньпин өткен аптаның соңында Қазақстанда болып, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған. Астанадағы Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Қытай басшысы Пекиннің Орталық Азияға қатысты саясаты туралы айтқан.

Орталық Азияға тұңғыш сапарын 3 қыркүйекте Түркменстаннан бастаған Си Цзиньпин өткен аптада Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Үлкен жиырмалық» (G-20) саммитіне қатысқан еді.

Өзбекстаннан соң Қытай басшысы Қырғызстанға сапармен барып, Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Жиынға осы ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Ресей елдерінің басшыларымен бірге Иран, Ауғанстан, Үндістан, Моңғолия және Пәкістанның өкілдері де қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG