Accessibility links

Пәкістан президентінің билік мерзімі аяқталды


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари. Исламабад, 22 мамыр 2013 жыл.
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари. Исламабад, 22 мамыр 2013 жыл.
Бес жыл Пәкістан президенті болған Асиф Әли Зардари жексенбі күні қызметінен кетті.

Асиф Зардари – 2007 жылы қастандық құрбаны болған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның жұбайы. Зардари отанында демократиялық жолмен президент болып сайланып, бұл қызметін конституцияда белгіленген мерзімде толық атқарып шыққан алғашқы президент.

Енді оның орнына елдің премьер-министрі Наваз Шарифтің жақын серіктерінің бірі бизнесмен Мамнун Хусейн келеді. Биыл шілде айында Пәкістан парламенті ел президенті етіп сайлаған Хусейн бүгін салтанатты түрде ант бермек.

France Presse агенттігі Зардари билікте болған кезде Пәкістан экономикасы жаңадан түрлі қиындықтарға кезігіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде проблемалар туындағанын атап өткен.

2010 жылы Зардари Пәкістанда президент билігін шектейтін заңға қол қойған. Оған сәйкес, президент парламентті тарату мен елдің премьер-министрін қызметінен алу құқығынан айырылған. Пәкістан конституциясына енгізілген ол өзгерістер демократияның дамуындағы маңызды қадам деп сипатталған.
XS
SM
MD
LG