Accessibility links

Өзбекстан Қытаймен 15 млрд. доллардың келісімін жасады


Қытай басшысы Си Цзиньпин. Санкт-Петербург, Ресей, 4 қыркүйек 2013 жыл.

Қытай басшысы Си Цзиньпин. Санкт-Петербург, Ресей, 4 қыркүйек 2013 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қытай басшысы Си Цзиньпин өзбек экономикасының маңызды салалары, соның ішінде мұнай-газ және уран өндірісіне қатысты келісімдерге қол қойды. Екі ел арасындағы жаңа келісімдердің құны 15 миллиард долларды құрайды деп хабарланды.

Ташкентте өткен қол қою рәсімінен кейін баспасөз мәслихатында президент Каримов Қытаймен арадағы қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Өзбекстанға Пекин ешқашан «қандай да болмасын саяси немесе басқадай шарт» қоймағанын атап айтқан..

Си Цзиньпин Өзбекстанға жексенбі күні барған. 10 қыркүйекте ол Каримовмен бірге Самарқандқа бармақшы.

Орталық Азияға тұңғыш сапарын 3 қыркүйекте Түркменстаннан бастаған Си Цзиньпин Өзбекстанға келерден бұрын Қазақстанда болып, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған. Астанадағы Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Қытай басшысы Пекиннің Орталық Азияға қатысты саясаты туралы айтқан.

Ол өткен аптада Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Үлкен жиырмалық» (G-20) саммитіне қатысқан еді.

Өзбекстаннан соң Қытай басшысы Қырғызстанға сапармен барып, Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Жиынға осы ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Ресей елдерінің басшыларымен бірге Иран, Ауғанстан, Үндістан, Моңғолия және Пәкістанның өкілдері де қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG