Accessibility links

Норвегиядағы сайлауда оңшыл центристер жеңді


Норвегияның премьер-министрі Йенс Столтенберг.

Норвегияның премьер-министрі Йенс Столтенберг.

Норвегия премьер-министрі Йенс Столтенберг елдегі сайлауда өзін қолдайтын Еңбек партиясы жетекшілік ететін коалицияның жеңілгенін мойындап, отставкаға кететіні туралы мәлімдеді.

Дүйсенбі күні өткен сайлау нәтижесі бойынша енді Норвегияның үкімет басына консерваторлар партиясының жетекшісі Эрна Солберг келмекші. Сайлауда жеңіске жеткен бұл партия иммиграцияға қарсы ұстанымдағы Прогресс партиясымен коалиция құруға әзір екендерін мәлімдеген.

2005 жылдан Норвегияның билік басында болып келген Столтенбергтің бұл жолғы сайлауда жеңілуіне оның үкіметі жүргізген экономикалық саясаты мен 2011 жылы Андерс Брейвиктің қолынан мерт болған 77 адамның қазасына байланысты қоғамда сыни көзқарастың күшеюі себеп болды.

Брейвик Еңбек партиясы ұйымдастырған Утоя аралындағы жастардың еңбек лагеріне шабуыл жасаған еді. Бір кездері Брейвик Прогресс партиясына мүше болған. Бірақ 2011 жылғы қайғылы оқиғадан соң партия оның ісі мен көзқарасын айыптады.
XS
SM
MD
LG