Accessibility links

АҚШ 11 қыркүйек терактісін еске алды


Нью-Йорктің кезінде Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттары тұрған Манхэттен ауданының алыстан қарағандағы көрінісі. 8 қыркүйек 2013 жыл.

Нью-Йорктің кезінде Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттары тұрған Манхэттен ауданының алыстан қарағандағы көрінісі. 8 қыркүйек 2013 жыл.

АҚШ-та бүгін 2001 жылы 11 қыркүйекте жасалған теракті құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр.

Бұл оқиғаға 12 жыл толды. Елде қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Одан бөлек, АҚШ-тың басқа елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің де күзеті күшейтілген.

Өткен жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Бенгази қаласындағы консулдығына шабуыл жасалып, АҚШ-тың Ливиядағы елшісі мен үш америкалық азамат қаза тапқан еді.

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте, Вашингтонда, Пенсильвания штатының Шанксвиль ауданында жасалған терактілерден үш мыңға жуық адам қаза тапқан еді. Бұл терактілерді «Әл-Қаида» мойнына алған.
XS
SM
MD
LG