Accessibility links

Мәжіліс Қазақстан-Қытай мұнай құбыры келісімін бекітті


Қазақстан парламентінің ғимараты. (Көрнекі сурет)
Қазақстан парламентінің ғимараты. (Көрнекі сурет)
«Қазақстан жаңалықтары» агенттігі мәжіліс депутаттарының Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің Қазақстан-Қытай мұнай құбырын дамыту және пайдалану жөніндегі келісімін ратификациялағанын хабарлады.

Құжатты парламентке таныстырған мұнай және газ министрі міндетін атқарушы Болат Ақшолақов келісімнің мұнай тасымалының бірыңғай тарифін бекітетінін мәлімдеген. Ол бойынша құбырға мұнай қай жерден құйылса да бір бағамен тасымалданады. Одан бөлек, мұнай жеткізудің бағасы мұнай эскпортының тарифінен жоғары болмауы тиіс.

Ратификация туралы заң жобасы енді сенаттың қарауына берілді.
XS
SM
MD
LG