Accessibility links

Ресей Молдова шараптарына тыйым салды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Украина президенті Виктор Янукович (ортада), Молдова президенті Николай Тимофти (оң жақта). Киев, 27 шілде 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Украина президенті Виктор Янукович (ортада), Молдова президенті Николай Тимофти (оң жақта). Киев, 27 шілде 2013 жыл.
Ресей Молдова шараптарының кеденнен өтуіне тыйым салды. Шешім бүгін, 11 қыркүйекте күшіне енді. Ресейдің бас санитары Геннадий Онищенко сейсенбі күні "Молдова шараптарының құрамында зиянды қоспалар бар" деген еді.

Молдова экономика министрі Валерий Лазар сейсенбі күні "Молдова шарабының сапасы туралы мәселенің саяси астары бар" деп мәлімдеді. Шарап өндірісі - Молдова экономикасының маңызды саласы.

Бұдан бір апта бұрын Мәскеу Украина шоколады мен басқа да өнімдерін кеденнен өткізуге тыйым салған еді.

Осы айдың басында Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин "Молдова Еуропа Одағымен (ЕО) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған жағдайда Кремльдің кек қайтаратынын" ескерткен.

Мәскеу Молдова, Украина және басқа да бұрын СССР құрамында болған елдердің ЕО-мен жақындасуына кедергі келтіріп отыр.
XS
SM
MD
LG