Accessibility links

Сирия үкіметі химиялық қару қолданғаны туралы айғақ көбейді


Сирияда 21 тамызда жасалған газ шабуылынан қаза тапқан балалар.

Сирияда 21 тамызда жасалған газ шабуылынан қаза тапқан балалар.

11 қыркүйекте БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясы тергеушілері Сирияда химиялық қаруды үкімет қолданғаны туралы айғақтардың көбейіп келе жатқанын мәлімдеді.

Алайда комиссия бүгін жариялаған есебінде әзірге "химиялық қарудың толық құрамын, оны жеткізу (ату) құралдарын және нақты қылмыскерлерді" анықтау мүмкін болмай тұрғанын мәлімдеді.

Есепте "азамат соғысына қатысып жатқан екі тараптың да әскери қылмыс жасағаны; ол қылмыстар ішінде бейбіт халықты өлтіру, кепілге адам алу әрекеттері де бар екені; екі тараптың да жауапкершіліктен қорықпайтыны" жазылған.

Бұдан бөлек, БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі эксперттер есебі әзірленіп жатыр.
XS
SM
MD
LG