Accessibility links

Қашағанда алғашқы мұнай өндірілді


Қашағандағы жасанды арал. 7 сәуір 2013 жыл.

Қашағандағы жасанды арал. 7 сәуір 2013 жыл.

Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі Қашаған кен орнында North Caspian Operating Company B.V. консорциумы алғашқы мұнайды өндірді деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы президенті Сауат Мыңбаевтың айтуынша, мұнай бір айдың ішінде толық қарқынмен өндіріле бастайды.

Мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағаланған Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсаған. Қашағаннан мұнай өндіруді бастау ісі бұдан бұрын бірнеше рет кейінге қалдырылған еді.

Қашаған жобасында қазақстандық "Қазмұнайгаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысында 16,81 пайыздан), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз) компанияларының да үлесі бар. Қашағандағы ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз акциясын жуықта Қытайдың China National Petroleum Corporations (CNPC) компаниясы алды.
XS
SM
MD
LG